Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды

3-06-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер жалғасуда. Бұл жолы сенбілікке орталық көшені, мәдениет үйінің жанындағы саябақты және басқа да қоғамдық орындарды тазалауға 50-ден астам белсенді қатысты.

Қатысушылар ұйымдар мен мекемелердің аумағын ретке келтіріп, гүлдер отырғызды. Айта кетерлігі, «Қазпошта» АҚ ұжымы осы сенбілікте мекеме маңындағы аумақты тазартты. Олар аумақты қоқыстардан тазартып қана қоймай, жаз бойы күтім жасайтын көпжылдық гүлдерді отырғызды.

Осындай іс-шараларға үнемі қатысатын «Новое время» аудандық газетінің редакторы Татьяна Катикеева тұрғындардың сенбілікке деген оң көзқарасын атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы қоғамның бірігуіне және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Алайда, мен барлық тұрғындардың назарын өз аумақтарына үнемі қамқорлық жасау қажеттілігіне аударғым келеді. Тек ортақ күш - жігермен ғана біз туған өлкемізді таза ете аламыз, - деді ол.

Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, Бородулиха ауданының тұрғындары арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Сенбілікке қатысушылардың үлгісі көптеген адамдарды осындай акцияларға белсенді қатысуға және күн сайын тазалыққа қамқорлық жасауға шабыттандырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив