Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Қазақстан Республикасының Рәміздер күнімен құттықтауы

4-06-2024, 09:21 018.kz

Құрметті жерлестер!

Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздің бірегейлігін, тәуелсіздігін, және рухани байлығын дәріптейтін маңызды мереке. Мемлекеттік рәміздеріміз – еліміздің мақтанышы мен абыройының көрінісі, оның тарихы мен болашағын байланыстыратын қасиетті нышандар.

Еліміздің көк байрағы, Елтаңбасы және Әнұраны – әрқайсымыздың жүрегімізде ерекше орын алады. Бұл рәміздер біздің ортақ мақсаттарымыз бен армандарымызды бейнелейді, халықтың бірлігін, ынтымағын және болашаққа деген сенімін нығайтады.

Біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы үшін мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсету – қасиетті борыш.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін!

Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Тәуелсіздік туы бейбіт аспанымызда желбірей берсін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив