Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Астанада гендерлік призма арқылы құқықтық сараптама сапасын арттыру мәселесі талқыланды

4-06-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «AMANAT» партиясы аппаратында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Гендерлік призма арқылы құқықтық сараптама сапасын арттыру: теориядан практикаға» тақырыбында Парламент Мәжілісіне арналған тренинг өтті. Оған институттар, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың өкілдері мен Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

«ҮЕҰ гендерлік сараптамасын енгізу – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және теңдікке қол жеткізудегі маңызды аспектілердің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда жобалар мен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің гендерлік сараптамасын енгізу әдістемесі әзірленді. Ел заңнамасына гендерлік сараптама жүйесін үйлестіру және оны құқықтық талдау жүйесіне енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Биыл мемлекеттік органдардың заң қызметтерін гендерлік сараптама әдістемесіне сай оқыту жоспарланған және бүгінгі іс-шара барлық жоспарланған жұмыстың бастамасы болады», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Қатысушылар сондай-ақ шешім қабылдаудың барлық деңгейінде заңнаманы гендерлік сараптау әдістемесін қолдану үшін дағдыларды нығайту мәселесін талқылады.

Іс-шарада әділ энергетикалық ауысу және цифрлық трансформация саласындағы гендерлік саясат мәселелері, сондай-ақ заңнаманы гендерлік тұрғыдан сараптау әдістемесі сөз етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив