Алматыда V Жастар театр форумы өтіп жатыр
Алматыда ТМД, Балтық және Грузия елдерінің V Жастар театр форумы басталды. Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген екі жүзден астам режиссер, драматург, актер, сценограф пен театр сыншылары қатысуда.
Аталмыш жоба – жас театр қатысушыларының ауқымы мен бірлестігі жағынан Достас елдердің мәдениет саласындағы бірегей форумы. ТМД елдерінің мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды сақтауға және дамытуға ықпал етеді.
Форум триеннале форматында – үш жылда бір рет өтеді. 2012 жылы ол Кишиневте (Молдова), 2015 жылы Минскіде (Беларусь), 2018 жылы Ереванда (Армения), 2021 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтті. Әр форумға ТМД, Балтық және Грузия елдерінен қатысушылар келеді. 12 жыл ішінде оған мыңнан астам адам қатысып, 20000-нан аса көрермен тамашалады.
Алматыда өтіп жатқан іс-шара ұзақ шығармашылық процесстің шарықтау шегі десек те болады. Халықаралық сарапшылар кезең-кезеңімен үздік спектакльдерді таңдап, форумға қатысу үшін суретшілер мен драматургтерді конкурстық іріктеуден өткізді.
Оның басты мақсаты – ТМД елдерінің шығармашыл жастардың ынтымақтастығына ықпал ете отырып, жас театр көшбасшыларын анықтап, оларды біріктіруге арналған.
Форум аясында іріктеуден өткен спектакльдер көрсетіледі, суретшілер каталогтары мен жас драматургтердің пьесалар жинағы ұсынылып, дәрістер, семинарлар ұйымдастырылады.
Форумдағы үздік спектакль 2025 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Мәскеуде өтетін А.П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінің қатысушысы атанады.
Білім беру бағдарламасы аясында шетелдік режиссерлер мен драматургтердің, кәсіби театр мамандарының шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған.