Үкіметте өнеркәсіп өндірісін дамыту үшін жеңілдікті несиелер қарастырылған
«Отандық кәсіпкерлер Үкіметпен және “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ атынан қаржы мемлекеттік институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнес үшін негізгі ережелер жазылған «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қолданысқа енгізілді. Менің ойымша, біздің инвестициялық заңнамамыз өте жақсы, тіпті ең жақсы деп айтуға болады. Оны сол деңгейде сақтау керек және аймақтағы басқа елдермен бәсекеде қабілетті болуымыз қажет. Бірақ әлі толтырылмаған бағыттар бар. Мәселен, біз энергия қуаты бойынша жеткілікті резерв болмаса, өнеркәсіпті дамыта алмаймыз. Бизнеске өз қаражатын салу, тиісті кепілге ие болу керек және несие тарту үшін қолайлы мөлшерлеменің болғаны шарт. Біз өткен жылы аталған бағытта белсенді жұмыс істей бастадық. Биыл Үкімет елеулі серпіліс жасады — өнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін қымбат емес несиелер беру мүмкіндігі табылды», — деді бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.