Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстанда темір жол тарифтері көрші елдерге қарағанда 2 есе төмен

4-06-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Өнеркәсіп – Қазақстан экономикасының басым бағыты, оның дамуына көлік ықпал етеді. Қызмет көрсету рөлін атқара отырып, логистика жүйесіне кіретін теміржолдар ел экономикасына жұмыс істейді, деді бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«Қазір бізде әртүрлі өнім түрлеріне тарифтердің 11 түрі бар, атап айтсақ: әлеуметтік маңызы бар тауарлар, көмір тасымалдау, астық тасымалдау және басқалары. Біздің тарифтер көрші мемлекеттерге қарағанда шамамен 2 есе төмен екенін айта кеткен жөн», — деді Роман Скляр.

Бірінші вице-премьер «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнынан артық табыс алу күтіліп отырмағанын және мемлекет өз тарапынан «ұзақ мерзімге несиелер», тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке салымдар арқылы теміржол инфрақұрылымын инвестициямен қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Дегенмен, теміржолдар өзін-өзі қамтамасыз етуі керек және бұл теңгерімді сақтау маңызды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив