Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Екібастұзда жаңа инновациялық кәсіпорын жыл сайын 300 мың теміржол дөңгелегін шығарады

4-06-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Заманауи еуропалық жабдықтар орнатылған Екібастұздағы отандық зауыттың өнімі үздік әлемдік үлгілерге сәйкес келеді. Кәсіпорын Қазақстанның ғана емес, көрші мемлекеттердің де қажеттілігін қамтамасыз етеді. Өндіріс қуатты – жылына 300 мың теміржол дөңгелегі, бұл ретте өнімнің 70% экспортқа жөнелтіледі.

 ЕАЭО нарығында қазақстандық өндірушінің болуына байланысты Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі 2019 жылы РФ-ла дөңгелек жұптарын шығаратын жаңа зауыт салу идеясынан бас тартты, деді  бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«Біздің өндіріс әлемдегі ең жақсы үлгілерден еш кем түспейді және олар теміржол машинасын жасау саласындағы басқа бағыттарға көңіл бөлеміз деген дұрыс шешім қабылдады. Бәсекелестік болуы керек, бұл біздің өндірушілерді ынталандырады. Бірақ сатып алу туралы сөз болғанда, ұлттық режимнен алу режимі енгізіледі немесе өндірушілер өз өнімдерінің бәсекеге қабілетті және ішкі нарықта сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір субсидиялар алады. Біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып, біз ұлттық мүдделерге қамқорлық жасауымыз керек. Үкіметтің басты міндеті — қолданыстағы өндірістер мен жұмыс орындарын сақтау және жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашу», — деді Роман Скляр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив