Көмір, мұнай және газ химиясы — Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары
Бәсекелестік артықшылықтарды пайдалану арқылы экономиканы әртараптандыру — Үкіметтің басты міндеті, деді бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында. Мұнай, газ және көмір химиясы салаларын дамытуда үлкен экономикалық әлеует бар. Табысты мысал ретінде құны $2,8 млрд болатын 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыттың іске қосылуын айтуға болады.
«Еліміздегі барланған көмір қоры шамамен 30 млрд тоннаны құрайды, кем дегенде тағы осыншама көлемді барлау қажет. Көмірдің үлкен қоры түріндегі мұндай артықшылық бізді көмір химиясын белсенді дамытуға итермелеуі керек. Үкімет алдында 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есеге арттыру міндеті тұр. Импортты алмастыру мен ішкі нарық үшін өндірісті ұлғайтуда айтарлықтай іске асырылмаған әлеует бар. Алайда, біз экспорттың өсуіне көбірек ұмтылуымыз керек. Бұл валюталық түсім ағынын, өндірістің жаңа деңгейі мен жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Роман Скляр.