Еңбекмині көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіруде
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы әзірленді. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасын қабылдау:
- этникалық қазақтарда ұлтын растайтын ресми құжаттар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар жанынан қандас мәртебесін және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін айқындау жөнінде арнайы комиссиялар құрылатын болады;
- қандас қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген және (немесе) ата-аналары Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған қандастардың жесірлерін және олардың ортақ балаларын қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;
- ҚР Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлерді қоспағанда, шығу өңірлеріне табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен өңірлерді қосу;
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15072315.