Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Мәжіліс мемлекеттік еңбек инспекциясын Еңбекминінің қарамағына беру туралы заңнамаға түзетулер қабылдады

5-06-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Палата отырысының екінші оқылымында мемлекеттік еңбек инспекциясын орталық мемлекеттік органның қарамағына беруді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, қабылдады.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына беру нәтижесінде оның аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік еңбек инспекциясының жеке ведомствосы құрылатын болады, мемлекеттік бақылаудың тікелей және тәуелсіз жүйесі құрылды және сол арқылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау күшейтілді.

Заң және кадр қызметін орталықтандыру есебінен аумақтық инспекциялар деңгейінде тікелей еңбек инспекторларының саны ұлғайтылатын болады, бұның өзі мемлекеттік қызметшінің әрбір жұмыс істеп тұрған бірлігінен жұмыстың үлкен тиімділігін береді. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

Бұл ретте әкімдіктерде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия шеңберінде әлеуметтік диалог жүргізу, жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасау, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу жөніндегі функциялар сақталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру мәселесі Мемлекет басшысымен келісіліп, 2024 жылғы 22 мамырда Республикалық бюджет комиссиясы қарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив