Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері лифттерде жол жүру карталарын алды

6-06-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Жедел жәрдем станциясы мен лифтілер мен жеделсатыларға қызмет көрсететін бірнеше компания арасында Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен меморандум жасалды. Жасалған меморандумның арқасында жедел жәрдем дәрігерлері көпқабатты үйлердің кіреберістеріне кедергісіз кіріп, қажетті қабаттарға жеделсаты арқылы көтеріле алады.

Қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев қала әкімшілігі кез келген маңызды бастаманы қолдауға әрқашан дайын екенін атап өтті.

— Біз барлық жағынан көмектесуге және жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Мен бұл әрекетті қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді, - деді әкімнің орынбасары.

Жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Владимир Ли дәрігерлерге көмек көрсету өте маңызды екенін айтты.

Көпқабатты үйлердегі лифттерден барлығы 36 жедел жәрдем бригадасы карталарды алды. Әрбір картада жеке нөмір бар, бұл оны пайдаланатын бригада нөмірі. Картаның артқы жағында лифт бұзылған жағдайда апаттық қызметтердің барлық нөмірлері көрсетілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив