Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Астанада дін саласындағы құқықтық сауаттылық туралы дөңгелек үстел өтті

6-06-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – діни сенім бостандығын қамтамасыз ету үшін, зайырлы қағидаттарды нығайтуға ықпал ететін дін саласындағы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар халықты дін саласындағы заңнаманың негізгі құқық бұзушылықтары, олардың себептері мен алдын алу туралы ақпараттандыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі де сөз етілді.

Дөңгелек үстел аясында кәмелетке толмағандардың ар-ождан мен діни сенім бостандығы құқықтарын сақтау мәселелері, оны іске асыру жолдары мен әдістері қозғалды.

Жалпы, іс-шара қорытындысы бойынша, қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру және дін саласындағы құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив