Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенатта балық аулау субсидияларын реттеуге бағытталған заң қаралды

6-06-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Хаттама теңізден балық аулау және соған байланысты қызметті реттейтін Балық аулау субсидиясы жөніндегі келісімді Марракеш келісіміне қосу жөнінде өзгерістер енгізуге бағытталған.

Келісімнің негізгі мақсаты заңсыз, хабарланбаған және реттелмейтін балық аулауды, сондай-ақ қайта ауланатын қорларды субсидиялауға тыйым салу болып табылады. Құжатта балық аулау саласындағы негізгі ұғымдар, апат кезінде көмек көрсетуге арналған субсидиялардың түрлері, кемені заңсыз балық аулаумен айналысуға күдікке байланысты уақытша ұстау туралы анықтау және хабарлау тәртібі көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы биологиялық ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға ықпал етеді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңдарды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив