Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Қазақстанда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті

7-06-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын өткізуде. Бүгінгі таңда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курсын аяқтады. Курстар осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.

«Бүгінде біздің орталықтың оқытушылары 1105-тен астам курс өткізді, онда 28 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды. Әр педагог курстан кейін алған білімдері бойынша бағаланады және оқытудың тиімділігіне талдау жасалады», – дейді «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.

Естеріңізге сала кетейік, оқу курстары осы жылдың ақпан айының соңында басталды. Орталық 80 мыңнан астам педагогті, оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесінің 11 мыңнан астам педагогі және 68 мыңнан астам мектеп педагогі оқытуды жоспарлауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив