Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Абай облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтуде

7-06-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Онда облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен оның орынбасары Димитрий Гариков және қаржы басқармасының басшысы Әділет Қожанбаев барлық салалар туралы өткен жылғы жұмыс қорытындыларын ұсынады. Одан әрі дамудың нақты бағыттарын көрсетеді.

Кеңейтілген кеңеске барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, тұрғындар пен БАҚ өкілдері қатысады.

Кездесуде сөз сөйлеген облыс әкімі маңызды кезеңді атап өтті – 8 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен облыстың құрылғанына екі жыл толады.

«Біздің басты мақсатымыз - Президент реформаларын сапалы жүзеге асырып, Үкіметтің алға қойған тапсырмаларын орындап, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын көбейту», - деп атап өтті өңір басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив