Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстан мен Ресей ірі қалалар арасындағы әуе рейстерінің санын көбейту мүмкіндігін қарастыруда

11-06-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

7 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Виталий Савельевпен кездесті.

Тараптар теміржол және автомобиль көлігі, азаматтық авиация, оның ішінде жолаушылар және жүк тасымалы, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін дамыту салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады.

Қазақстан мен Ресейдің ірі қалалары арасындағы іскерлік және туристік трафиктің өсіп келе жатқанын ескере отырып, әуе рейстерінің санын ұлғайту перспективалары талқыланды.

Роман Скляр шекара маңындағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Бұл ретте ол бірлескен күш-жігерді үндестірудің, оның ішінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа, Ресейден Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша Қазақстан аумағы арқылы Парсы шығанағы порттарына халықаралық транзитті ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты тараптар теміржол жүк тасымалдарына тариф белгілеу мәселелерінде келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысын бірлесіп тексеруге келісті. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив