Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

«QazaqGaz» бен «Газпром» Қазақстан арқылы табиғи газ транзиті туралы келісім жасасты

11-06-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға 2040 жылдың соңына дейін тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттарға қол қойды. 

Құжаттарға Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен қол қойылды.

Бұдан бөлек, Роман Скляр мен Алексей Миллер «Орта Азия – Орталық IV» магистральдық газ құбырын Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайтуға дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бұл жобалар Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге және республиканың газ саласы үшін экономикалық пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив