Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады

11-06-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан Республикасының Премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы осындай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра Модидің көреген саясатына деген Үндістан халқының берік сенімі мен қолдауының дәлелі екенін атап өтті.

– Сіздің дана басшылығыңызбен Үндістан экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде өзінің таңқаларлық жолын жалғастырып, жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін. Қазақстан Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Екі ел ынтымақтастығы халықтарымыздың берік достығына, ортақ құндылықтарға және тығыз қарым-қатынасқа негізделген, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив