Cемей36°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
467.29 501.03 5.35

Ақсуат ауданында суармалы егіс алқаптарында су үнемдеу технологиялары қолданысқа енді

12-06-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылы Ақсуат ауданында 8 440 га суармалы егістік жерлерді игеру жоспарланған. Бұл алқаптардың 538 га дәнді дақылдар, 200 га майлы дақылдар, 178,5 га картоп, 310 га көкөністер мен бақша дақылдары (қауын, қарбыз), 20 га азықтық жүгері, 793 га көпжылдық шөптер алады.

6400,5 гектар суармалы егістікте өткен жылдардағы көпжылдық шөптер өседі. Аудан бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 85-90 шаруашылық құрылымдары қатысты.

Ауданның шаруашылық құрылымдары Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Абай облыстарының және көрші шаруашылықтардан алынған дәнді дақылдардың, жүгерінің, көпжылдық шөптердің, картоптың жоғары сапалы тұқымдарын ұсынды.

Көктемгі егіс жұмыстарына 23 ГАЗ-53 жүк көлігі, түрлі маркалы 47 трактор жұмылдырылды. Олардың ішінде: К-700, 15 МТЗ-1221, 4 ДТ-75, 25 МТЗ-80-82, 31 ҚХР тракторлары бар. Сондай-ақ, 47 соқа, 47 тырма және 31 сепкіш қамтылған, оның 20-сы дәнді дақылдарға, 6-ы картоп салатын, 3-еуі көкөніс және бақша дақылдарына арналған тұқым сепкіштер.

Ауданда алғаш рет суармалы егіс алқаптарында су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Сәтбаев ауылдық округінің «Алтын-Алтай» шаруа қожалығы Қытайдан әкелінген тамшылатып суару жабдықтарын орнатты. Бүгінде 200 га майлы және бақша дақылдары тамшылату арқылы суарылады. Алдағы жылдары бұл әдісті 1 000 гектарға дейін кеңейту жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив