Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Цифрлық даму министрлігі және Beeline байланыс қызметтерін жақсарту туралы меморандумға қол қойды

12-06-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

12 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Beeline, Қазақстанның цифрлық байланыс операторы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум аясында оператор 2024 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде салаға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салады.

Меморандум ұйымдардың байланыс қызметтерінің сапасын жақсарту бойынша бірлескен күш-жігерін бекітеді. Қол қойылған құжат аясында Beeline Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылымды (оптикалық-талшықты желілер, деректер орталықтары, интернетке тұрақты қолжетімділік және басқа жабдықтар), жасанды интеллект жүйелерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытуға ниет білдіреді.

Оператордың жұмысының тиімділігін және олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру үшін Цифрлық даму министрлігі байланыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдайды. Бұл байланыс және телекоммуникациялық желілер инфрақұрылымын дамыту үшін әкімшілік және басқа да кедергілерді жоюды, рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыруды және қосарланған мақсаттағы тіректерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтиды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив