Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыстық ардагерлер кеңесінің пленумында денсаулық сақтау мәселелері талқыланды

12-06-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Пленумның күн тәртібінде соғыс, тыл, басқа да мемлекеттер аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандарға, Чернобыль апатынан зардап шеккендерге, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге сапалы дәрігерлік қызмет көрсету мәселесі қаралды.

Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев пленумды аша отырып, ардагерлер мен зейнеткерлерге кез келген сипаттағы медициналық қызметтерді дер кезінде көрсетудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков өңірде медициналық инфрақұрылым белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

— 2023 жылы денсаулық сақтау субъектілерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту үшін 4,8 млрд теңгеге 430 бірлік техника сатып алынды. 2024 жылы 2,5 млрд теңгеге 237 медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарлануда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 1,7 млрд теңгеге 166 техника сатып алынды», - деді Талғат Молдабеков.

Басқарма басшысының мәліметінше, 2024 жылдың басында Абай облысында Ұлы Отан соғысының 5 мүгедегі, 651 интернационалист-жауынгер, 251 Чернобыль апатынан зардап шеккендер, 114 жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары диспансерлік есепте тұр.

2024 жылдың 5 айында ардагерлерге арналған республикалық клиникалық ауруханаға 69 адам жіберілді, оның ішінде 26 Чернобыль апатынан зардап шеккендер, 157-сі ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар.

Пленум қорытындысы бойынша барлық мәселелер қаралып, алдағы уақытқа арналған міндеттер мен мақсаттар айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив