Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.23 534.96 5.16

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жазға - кітаппен» акциясы өтті

13-06-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту, балалар әдебиетін насихаттау, интеллектуалды-танымдық ой-өрісін дамытуға бағытталған «Жазға - кітаппен» акциясы өтті.

Акцияға қатысқан 50 жас оқырман Есболат Айдабосын мен Асхат Өмірбаевтың кітаптарын оқып, шығармалардың желісі бойынша пікір алмасты. Кітапхана қызметкерлері балаларға отандық және әлем әдебиеттері, классика, комикс пен фантастика жанрлары мен ертегі кітаптары жайлы айтып берді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Баянғали Әлімжанов, Толымбек Әбдірайым, Зира Наурызбаева, Серікбол Хасан, Зәуре Төреханова, Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларына жас оқырманның қызығушылығы артқан. Сондай-ақ фантастикалық және шытырман оқиғалы шығармалар, әлем әдебиеттері мен комикстер де үлкен сұранысқа ие.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапхана мен кітапқа деген қызығушылықты арттыра отырып, балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал ету үшін, балалар әдебиетіне баса назар аударады. 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған 3000 данадан тұратын 14 автордың кітабы жарық көріп, еліміздегі кітапханаларға таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив