Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Аумақтық әскерлердің дайындығы төтенше жағдайлар мен оқу-жаттығу барысындағы тәжірибеде тексерілді

13-06-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Осыдан жеті жыл бұрын, 2017 жылғы 13 маусымда халықты, объектілер мен коммуникацияларды қарсыластың әрекеттерінен, диверсиялық және террористік актілерден қорғау міндеттері жүктелген ҚР Қарулы күштерінің аумақтық әскерлері құрылды.

Аумақтық әскерлердің негізін республикалық маңызы бар барлық облыстар мен қалаларда және Астанада құрылған аумақтық қорғаныс бригадалары құрайды.

Өңірлерде құрылған бөлімшелердің кәсіби құрамдас бөлігін бригадалардың командирлері мен әкімнің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері қамтамасыз етеді. Бұл лауазымдарға әскери қызметте қажетті тәжірибесі бар Қарулы күштердің офицерлері тағайындалады.

Аумақтық әскерлерде әскери дайындықтың талап етілетін деңгейін ұстап тұру үшін аумақтық қорғаныс бригадаларына тіркелген әскери міндеттілердің жиындары мен жаттығулары жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары үшін біліктілікті арттыру курстары мен командалық-штабтық оқу-жаттығулар ұйымдастырылады.

Тәжірибе алу үшін аумақтық әскерлер Қарулы күштердің ауқымды жаттығуларына қатысып, өз міндеттерін мақсатына сай сәтті орындап келеді.

Бейбіт уақытта аумақтық әскерлер қысқартылған құрамда ұсталады. Ал төтенше немесе соғыс жағдай режимдерін енгізген кезде олар жергілікті халық арасынан әскери міндеттілерді шақыру жолымен өрістетіледі.

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заң жобасы қаралуда. Нормативтік құқықтық акт орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс саласындағы мәселелердің бірыңғай түсіністігін қалыптастыруға бағытталған. Жобада олардың функциялары мен өкілеттіктері, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың құрамы айқындалып, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі.

Аумақтық әскерлер бөлімшелерінің төтенше жағдай режимінде әрекет етуде айтарлықтай тәжірибе жинақтай алды. Бұл пандемия, Түркістан облысындағы бөгеттің жарылуы және Қостанай облысындағы орман өрттері кезінде айқын көрінді.

Биылғы жылы көктемгі су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында аумақтық қорғаныс бригадаларының әскери қызметшілері бөгеттер салуға, азаматтарды эвакуациялауға, гуманитарлық көмекті жеткізуге қатысты. Ал Маңғыстау облысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері атыраулықтарға көмекке келді. Олар Құлсары қаласындағы бөгетті қалпына келтіруге жұмылдырылды.

Аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олардың күшімен құм салынған қаптардан ұзындығы 10 шақырымнан асатын тосқауылдар тұрғызылды. Бұл жағдайда бөлімшелер үйлесімді әрі тиімді әрекет етуге дайын екенін толық көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив