Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

«Шығыс Жастары» ҚҚ Жарма ауданында волонтерлік қызметті дамыту бойынша жастармен кездесті

16-05-2024, 17:10 Думан Кенжеғазыұлы

«Жастардың волонтерлік бастамаларын қолдау» жобасы аясында Жарма ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, аудан жастарына арналған кездесу және семинар-тренинг ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – жастар арасында волонтерлік қызметті насихаттау және оларды осы қызметке тарту болып табылады.

Семинар барысында жастарға волонтерлік қызметтің мәні, оның қоғамға тигізетін пайдасы және волонтер болудың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастарға алғашкы көмек көрсету және төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы арнайы мамандар дәріс оқыды. Бұл бөлімде қатысушыларға теориялық білім ғана емес, практикалық дағдылар да үйретілді.

Семинар-тренингтің тағы бір қызықты бөлігі – қатысушыларға арналған түрлі интерактивті ойындар мен тренингтер болды. Осы ойындар арқылы жастар өздерінің командалық жұмыс істеу, проблемаларды шешу және көшбасшылық қабілеттерін дамытты.

Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Бұл сертификаттар олардың волонтерлік қызметке деген ынтасын арттырып, болашақта да осындай игі істерге белсене қатысуға ынталандырады деп сенеміз.

Осындай шаралар жастардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және қоғамға пайдалы істер жасауға ынталандыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив