Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Жарма ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті

16-05-2024, 18:24 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысына сәйкес «Қоғамдық кеңестер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру» жобасы аясында Жарма ауданының қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру болды.

Отырыс барысында азаматтар үшін қоғамдық консультациялардың өзектілігі, қоғамдық консультациялар өткізу тетіктері, қоғамдық консультациялар өткізу алгоритмі және қандай жағдайларда қоғамдық консультациялар өткізілу мүмкіндігі туралы ұсынымдар жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға қоғамдық консультациялар арқылы қоғамның пікірін ескеріп, шешім қабылдау процесіне қатыстырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Шараға ауданның түрлі салаларының өкілдері, жергілікті әкімдік қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдық консультацияларды ұйымдастыру және өткізу барысында кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары туралы пікір алмасты.

Қоғамдық консультациялар өткізу тетіктері бойынша ұсыныстар қарастырылды, атап айтқанда, консультациялардың ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындардың белсенді қатысуын ынталандыру және олардың пікірлерін есепке алу жолдары талқыланды. Қатысушыларға қоғамдық консультацияларды өткізу алгоритмі, яғни консультацияларды жоспарлау, өткізу және нәтижелерін талдау кезеңдері туралы нақты ақпарат берілді.

Сондай-ақ, қандай жағдайларда қоғамдық консультациялар өткізу қажеттілігі туындайтыны туралы да кеңінен талқыланды. Бұл ретте, қоғамдық маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдау алдында, жергілікті бюджетті жоспарлау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша консультациялар өткізу ұсынылды.

Отырыс барысында қатысушыларға арнайы оқу материалдары таратылды, ал шараның соңында барлық қатысушыларға қоғамдық консультацияларды тиімді өткізуге арналған сертификаттар табыс етілді.

Бұл шара Жарма ауданындағы қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіруге және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына септігін тигізетініне сенеміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив