Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Мемлекет басшысы Шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

14-06-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.

– Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив