Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтілуде
Биыл үш жүзге аты мәлім болған, ұлы Абайдың әкесі, қажы, «Дала данышпаны» атанған қайраткер, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл. Мерейтойға орай Абай жұртшылығының бастамасымен, іскер азаматтар қаржылық қолдау жасап, Қарауылда Құнанбай қажы мешіті салынып, сәулетті ескерткіш тұрғызылды.
Бүгінде қасиетті Абай елінде Құнанбай баба рухына айтулы ас берілуде. Республикалық қөлөнершілер байқауы, ат бәйгесі мен ұлттық күрестен дүбірлі сайыстар ұйымдастырылуда. Қарауылда ақындар Құнанбайына арналған өлең-жырларын оқыса, көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Семейде бас қосып, халықаралық деңгейде Құнанбайды барынша ұлықтауда.
Сонымен қатар, мерейтой барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың мерекеге арнаған автобус көлігін 50 жылдық тарихы бар «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұжымына табыс етілді.