Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы

16-06-2024, 10:54 018.kz

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Сіздердің адалдықтарыңыз бен жоғары кәсібиліктеріңіз біздің қоғамдағы сыйлы маман екендеріңізді білдіреді. Сол себептен бүкіл әлем сіздерді ақ халатты абзал жан ғана емес, адам жанының арашасы деп атайды. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз өмірді сақтап қана қоймай, бойдағы дертті жеңуге көмектеседі.

Бүгінде болашағын осы саламен байланыстырып, еңбек еткісі келетін жастардың қатары артып келеді.
Мемлекет ұлт денсаулығын жақсартуда кешенді жоспарлар құрып, нақты жұмыстар атқаруда.

Өткен жылдың өзінде аймақтың медицина мамандары әртүрлі ауруларды, соның ішінде кардиохирургия, нейрохирургия және онкология сияқты күрделі салаларды диагностикалау мен емдеуде бірнеше әлемдік инновацияларды қолданысқа енгізді.

Облыста 2025 жылға дейін 65 нысан, соның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік, 40 медициналық пункт салу жоспарланған. Бұл шаралар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.

Кәсіби мерекеге орай, өлшеусіз еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге мықты денсаулық, қиын да жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Абай облысының әкімі
Нұрлан Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив