Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Елімізде су тасқынын болжау мен модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленуде

17-06-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Кеңеске су ресурстары және ирригация, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, қаржы вице-министрлері қатысты.

Ақпараттық жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу. Ол «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет» және «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» жедел және көпжылдық деректерін пайдаланатын болады. 

Сондай-ақ жүйе су тасқыны, сел, көшкін қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар бойынша ТЖМ деректер базасымен біріктіріледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еуропалық Жерді қашықтан зондтау бағдарламасын қолдануды ұсынды. Сонымен қатар вице-премьер отандық цифрлық шешімдерді қарастыруды тапсырды.

Бұған қоса, ауқымды деректер көзін қалыптастыру үшін вице-премьер гидро және метеопосттардың санын көбейтуді, су айдындары мен өзендердің батиметриясын жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны құбылыстары жиі орын алатын елді мекендердің «цифрлық рельефін» құруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив