Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Еңбекмині арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды әзірледі

18-06-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. Бұйрықты қабылдау көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Бүгінгі күні арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін қызметтердің шарттарын, көлемін және сапасын айқындайтын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру шеңберінде 2025 жылдан бастап елде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарды белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін лицензиялау енгізіледі.

Осыған байланысты: ғимараттарға, жиһазбен, құрал-саймандармен және жұмсақ жабдықтармен жарақтандыруға, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларды сақтауға, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың кадр құрамына қойылатын біліктілік талаптарын қабылдау қажет.

Осы біліктілік талаптары меншік нысанына қарамастан лицензиялауға жататын мемлекеттік және жеке ұйымдарға қолданылатын болады.

Осылайша, лицензиялау жоғарыда аталған қызметтерді көрсету нарығына тек жоғары білікті кадрлық құрамы, жайлы ғимараттары (жағдай) және жақсы материалдық-техникалық жарақтары бар ұйымдардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және олардың алушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Оны іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15089999

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив