Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сегіз қырлы, бір сырлы сарбаз

18-06-2024, 13:10 Сәтжан Қасымжанұлы

«Жігітке жетпіс өнер де аз» дейді халық даналығы. Бұл, әсіресе, отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанған жас сарбаздар үшін маңызды. Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген сарбаз Әсет Темірбаевтың өнерге бейімділіген қарап осындай ой түюге болады. 

Әсет – Қызылорда облысы, Арал ауданының тумасы. Көпбалалы отбасының тұңғышы Әсеттің өнерге жақындығы бала кезінен байқаған ата-анасы білім табалдырығынан аттағаннан музыкалық мектепте  қатар оқытқанды жөн көреді. Музыкалық аспаптардан таңдауы баянға түсіп, қазір оны кәсіби музыкант секілді меңгеріп алған.

- Мектепте оқи жүріп музыкаға ден қойдым. Екеуін қатар тамамдап, сол жылы Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің студенті атандым. Онда халық аспаптар кафедрасында білім алып, баян аспабын таңдадым, - дейді жауынгер Ә. Темірбаев. 

Арал аудандық Мәдениет үйінің оркестр құрамында жүріп, Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін атқаруға келген өнерлі сарбаз қолы сәл босай қалса қаруластарымен ән айтып, баянда ойнауға әзір тұрады. Ол тек баян ғана емес, пианинода да шебер ойнайды. Әскери қызметін бірге өтеп жүрген замандастарын өз өнерімен осылай қуантып жүрген Әсет алдағы уақытта Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына оқуға түсуді жоспарлап жүр. Нақтырақ айтсақ, әскери дирижер мамандығын таңдап, ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп қойған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив