Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
463.77 495.49 5.31

Ішкі істер органдары ауыз сумен қамтамасыз ететін 70 объектіні және су шаруашылығының 91 объектісін күзетуде

18-06-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі қаралды. Жаз мезгілінде суға түсу кезіндегі алдын алу шаралары туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов баяндама жасады.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Ішкі істер органдарының негізгі міндеті. Күн сайын 15 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тартылады. 4 мыңнан астам маршрут қамтылады. 

«Жаз шығысымен жаппай демалыс орындарда жасақтардың тығыздығы арттырылды. Жеке құрам адамдарды судан құтқаруға және алғашқы көмек көрсетуге дайындалды. Автопатрульдер көмек көрсету құралдарымен – құтқару белдемшесімен, жилеттермен, арқандармен жабдықталды», — деді ішкі істер министрі. 

Бұған қоса, төтенше жағдай бөліністерімен бірлесіп, су жағалауларын қадағалау, тиісті рейдтер, азаматтарға түсіндіру жұмыстары, Жедел-басқару орталығы камераларымен қалалардағы демалыс орындарын бақылау қамтамасыз етілді. Барлығы 2 мыңнан астам рейд жүргізілді. 

Биыл тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 151 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 14 адам судан құтқарылды.

«Қазір ішкі істер органдары ауыз сумен қамтамасыз ететін 70 объектіні және су шаруашылығының 91 объектісін күзетуде. Жалпы, 339 бекетке 2000-ға жуық қызмет жұмылдырылды», — деді Ержан Саденов.

Судағы оқиғаларды азайту үшін жергілікті атқарушы органдарға арнайы демалыс орындарын жақсарту, оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құтқару бекеттері мен бейнекамераларын орнату, халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын БАҚ арқылы жүргізу ұсынылды. 

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шеңберінде осы бағытта барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив