Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

“Жасыл ел": Семейде жастарға арналған еңбек маусымы ашылды

19-06-2024, 09:21 018.kz

Семей қаласында жасөспірімдер мен жастардың қоршаған ортаны қорғау сезімін тәрбиелеу, сондай-ақеңбекке ынталандыру мақсатында 2005 жылдан бері іске асырылып келе жатқан "Жасыл Ел" 20 мерейтойлық еңбек маусымы басталды.

Бағдарламаның басты шарты жас болып табылады, яғни 16 жастан 35 жасқа дейінгі оқушылар, студенттер және жұмыссыз жастар қатыса алады.

Қазіргі уақытта қала бойынша "Жасыл Ел" штабының 10 адамы жұмысқа орналастырылды, тағы 10 адам 2 лекке қабылданды. Семей қаласы бойынша кемінде 70 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Біздің қаламызда "Жасыл ел" еңбек жастары 3 маусымнан бастап жұмыс істейді және 31 тамызға дейін қызметін жалғастырады Жастар көгалдандырумен және абаттандырумен айналысады, жалақымен және "Жасыл ел" арнайы нысаны мен қамтамасыз етіледі.

Өтінімдерді қабылдау А. Ибраев көшесі, 153 мекенжайы бойынша жүргізіледі. Қосымша ақпаратты төмендегі нөмірлер арқылы алуғаболады:

 Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының маманы: Аян +7 771 179 2252

 @jasylel_abai: Ануар +7 778 589 9198

 Семей қаласының Жастар ресурстық орталығыныңмаманы: Талшын +7 747 697 0334

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив