Жәбірленушілерге өтемақы қорынан 312 млн. теңге көлемінде қаржы төленді
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заң 2018 жылдың 1 шілдесінен қолданыста. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қаржы министрлігі жәбірленушілерге өтемақы төлеуді бастады. Өтемақы – ҚПК-не сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі. Қор барлық сотталған адамдардан сот үкімімен өндіріп алынатын мәжбүрлі төлемдер есебінен қалыптастырылады.
Қордың мақсаты-қылмыстан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыс ашылмағандықтан немесе кінәлі сот төрелігінен жасырынғандықтан өтемақы алмаған азаматтарды қолдау. Бүгінгі таңда Қаржы министрлігімен 312 млн теңгеден астам қаржы төленді.
Мәліметке, көмек алушылар: - жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші болып табылатын кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар; - денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар; - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар. Қылмыстар құрамының айрықша тізімі жоғарыда аталған бапта көрсетілген.
Заңға сәйкес оны алушылардың бірі азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар болып табылады (ҚК 146-бабы). Азаптау құрбандарына өтемақы 30 АЕК (ҚК 146-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша) және 40 АЕК (ҚК 146-бабының 3-бөлігі бойынша) мөлшерінде тағайындалады. Заң бойынша өтемақы тағайындау не одан бас тарту туралы шешімді қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы қабылдайды (Заңның 6-тармағының 8-бабы).
Қабылданған заңның маңыздылығы мен әлеуметтік бағытын ескере отырып, қылмыстың құрбаны болған адамдар (Заңның 6-бабында көрсетілген тізбе) мемлекеттен өтемақы алуға құқылы екендігі халыққа қосымша түсіндіріледі.
Ол үшін жәбірленуші тергеу органына төмендегілер ұсынылуы қажет: 1) жәбірленушінің не жәбірленушінің құқықтары берілген адамның өтініші; 2) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттың не жәбірленушінің өтемақы алу құқығына ие адамның жеке басын және құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері; 3) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған жәбірленушінің не жәбірленушінің құқықтары берілген адамның банк шотының нөмірі туралы мәліметтер; 4) адамды жәбірленуші деп тану туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулысының көшірмелері; 5) жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжаттың көшірмелері; 6) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда – оның қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе жәбірленушінің қайтыс болғанын растайтын өзге де құжаттың көшірмелері. Өтініш берудің ескіру мерзімі адамды жәбірленуші деп таныған күннен бастап үш жылды құрайды, өткізіп алған мерзімді жәбірленушінің өтініші бойынша сот қалпына келтіреді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі