Қытайлық компания Семейде жұмыс істеуге мүдделі
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қытайлық «Luyi Country Hongyao Furniture Co.Ltd» компаниясы өкілдерімен кездесті. Аталған компания әлемге жиһаз жасаумен танымал.
Облыс әкімдігі былтырғы орман өртінің зардаптарын жою мақсатында инвесторларды тартудың жол картасын әзірледі. Жол картасы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде бекітілген.
«Luyi Country Hongyao Furniture Co.Ltd» компаниясының төрағасы Лу Юнцюань кездесу барысында компанияның мүмкіншілігі жайлы баяндап, Абай облысында жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта «Универсал СМ» ЖШС инвестициялық жоба шеңберінде Семей қаласының индустриялық аймағында ЛДСП, МДФ материалдары мен жиһаз өндірумен айналысатын ағаш өңдеу комбинатының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Комбинат өз өнімдерін көршілес елдерге экспорттамақ.
Кездесу барысында қытайлық тарап өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Аймақ басшысы орынбасарлары мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.