«AMANAT» фракциясының мүшелері «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады
«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен фракция мүшелері қатысты. Жиында партияның 2023-2027 жылдарға дейінгі өңірлік сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының әлеуметтік салаларын талқылады.
Әлеуметтік қызметтердің деректері бойынша қазіргі уақытта қалада 53 мың зейнеткер, 14 мың мүмкіндігі шектеулі жан, 6 жарым мыңкөпбалалы, 2 225 ұлы Отан соғысынақатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, 2 мыңға жуық аз қамтылған отбасы тұрады. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтарға Атаулы әлеуметтік көмек төлеу, азық-түлік жиынтықтары, тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсыну түрінде көмек көрсетіледі.
«2024 жылдың басынан бері жұмыспен қамту бөліміне 6 530 адам еңбек делдалдығына жүгінді. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1 038 адам, уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына – 105 адам, бірінші жұмыс орнына – 35 адам, «Күміс жас»жобасына - 344 адам, жастар практикасына – 69 оқу орнының түлектері, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1 340 жұмыссыз адам тартылды» - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Жиын барысында қала әкімі жобаларды тиімді жүзеге асыруға дайын екенін айтып, өңірді дамытуда барлық депутаттардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығына тоқталды.