Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.33 626.99 6.71

Қазақстан СІМ-де ТМД байқаушылар миссиясының басшысымен кездесу өтті

3-03-2023, 08:38 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына байқау жүргізу мақсатында келген ТМД байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесу өткізді.

Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісі және маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына ТМД-дан байқаушылар миссиясының ашылуы шеңберінде орын алды.

Р. Василенко сұхбаттасын алдағы парламенттік сайлаудың негізгі жаңартуларымен, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде Л. Анфимов қазақстандық тарапқа сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, ТМД Миссиясының жұмысын ұйымдастыру туралы хабардар етті. Миссия өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлумен, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын бағалаумен айналысатын болады. Қазіргі уақытта миссияны қалыптастыру процесі жүріп жатқаны атап өтілді. Миссия құрамына 200-ге жуық байқаушылар кіреді деп күтілуде, оның 10-ы Астанадағы Миссия штабында ұзақ мерзімді негізде жұмыс істейтін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив