Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды

24-06-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен 2024 жылғы суға шомылу маусымы бойынша ТЖК комиссиясының отырысы өтті.

Кеңеске қала мен аудан әкімдіктері, Абай облысының білім басқармасы және облыстық төтенше жағдайлар департаменті қатысты.

Облыстық ТЖД басшысының орынбасары А.Н. Орымбаевтың халықтың суға шомылу аймақтарындағы нысандарды дайындау туралы баяндамасы тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдіктеріне тыйым салынған жерлерде тұрғындардың суға түсуіне жол бермеу, шомылуға рұқсат етілген орындарды қажетті инфрақұрылыммен жабдықтау, судағы қауіпсіздік ережелері туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив