Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Семейге 100 дана еуроконтейнер әкелінді

24-06-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қатты тұрмыстық қалдықтарды кварталішілік аумақтардан шығару проблемасын шешу үшін контейнерлік алаңдардың санын ұлғайту, жүктеме көлемі үлкен жаңа форматтағы контейнерлерді орнату, қоқысты шығаруға арналған арнайы техника санын ұлғайту жөніндегі нақты жұмыстар жүзеге асырылуда.

Семей қаласының әкімдігі 2023 жылы жаңа стандарттарға сай келетін 1377 дана контейнер сатып алынды. Ағымдағы жылы 1000 дана жаңа увроконтейнерларды сатып алды. Қазіргі таңда олардың 100 данасы қалаға жеткізіліп, оларды орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 900 дана контейнер алдағы уақытта Семей қаласына жеткізілетін болады. Сондай-ақ биыл 200 жуық контейнер алаңдарын жайластыру жұмыстары жоспарланған.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ТҮКШ бөлімінің басшсымен қоқыс шығарушы кәсіпорынға барып, контейнерларды орнату жұмыстарын талқылады. Жаңа контейнерлардың 1100л дейін сыйымдылығы бар, пластиктен жасалған және желден қорғану үшін қақпағы бар. Жақын уақытта еуроконтейнерлар қаланың әртүрлі бөліктерінде аулалардағы қоқыс алаңдарында орнатылатын болады.

Сондай-ақ, қала басшысы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Бегатовпен бірге Ауған соғысы ардагагерлерінің ескерткішіне барды. Қазіргі таңда ескерткіштің кейбір элементтері ескірген жөндеуді қажет етеді. Қала басшысы ТҮКШ бөлімі мен автомобиль жолдары бөліміне ескерткіштің жан-жағын абаттандыруды, қираған плиталарды қалпына келтіруді және күтіп ұстауды тапсырды. Қала әкімі бастаған жұмыс тобы жөндеу жұмыстары басталған аулаларға барды. Әкім мердігерлерге жұмыстарды жеделдетуді, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив