Абай облысында репродуктивті денсаулық апталығы басталды
Репродуктивті денсаулықты сақтау-мемлекеттің демографиялық саясатының маңызды міндеттерінің бірі. 24 маусымда бүкіл республика бойынша репродуктивті денсаулық апталығы басталды.
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының штаттан тыс бас балалар гинекологы Гүлшат Оралтаева репродуктивті денсаулық апталығы: жасөспірімдердің қалаусыз жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ таралуының өсуі, сондай-ақ вирустың алдын алу қажеттілігі туралы аз хабардар болуы сияқты мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында 15-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 987 450 адамды құрайды (қыздар - 477 378, ұлдар -501 072). ҚР-да жасөспірімдер арасындағы ерте жыныстық дебюттің медианалық мәні 16,5 жасты құрайды. 15-18 жас аралығындағы қыздардың 17% - ы кем дегенде бір рет жүкті болады, олардың 62% - ы жүктілікті босанумен, 22% - ы жасанды түсікпен, 16% - ы өздігінен түсік тастаумен аяқталды.
Болашақта әйелдердің жыныс мүшелерінің дамуындағы бұзылулар мен туа біткен ауытқуларды ерте диагностикалауға, қыздар мен жасөспірімдерде репродуктивті функцияны уақытылы хирургиялық түзетуге және қалпына келтіруге бағытталған арнайы бағдарлама әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, жасына және дағдыларына сәйкес, ақпаратқа кең қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, соның ішінде жыныстық өмірдің басталуын кейінге қалдыру мәселелері бойынша тегін кеңес беру жоспарлануда.