Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді
2024 жылдың 28 маусымында құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай – ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының, әкімдіктің дербес бөлімдерінің, Мансап орталығының, Абай облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйелері Департаментінің №19, №20, №21 мекемелерінің, Семей қаласының Затон, Орталық, Әуезов аудандарының пробация қызметінің, Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің және «Антарес А» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету мәселесі бойынша «Антарес А» қоғамдық қорының өкілі сөз сөйледі.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және өзге де көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы Семей қаласы Мансап орталығының директоры қатысушыларды ақпараттандырды.
Сонымен қатар отырысқа қатысушылар түзету мекемелерінде қызметін жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің сотталғандарды неғұрлым сұранысқа ие мамандықтартарға оқыту жөніндегі жұмысы туралы ақпараттандырылды.
Отырыс қорытындысымен тиісті хаттама дайындалады.