Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді

31-03-2023, 16:30 018.kz

2023 жылдың 31 наурызында құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа әкімдіктің дербес бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталығының, ҚР ІІМ ҚАЖК «№ 19, № 20, № 21 мекемелері» РММ-нің, Абай облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйелері департаменті Семей қаласының Затон, Орталық, Әуезов аудандарының пробация қызметінің, Абай облысы Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің және «АЛЕМ СПАС» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының өкілдері шақырылды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес пробация қызметінің және қаланың ішкі істер органдарының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен бірлескен жұмысы туралы мәселесі бойынша Абай облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйелері департаменті Семей қаласының Әуезов ауданы пробация қызметінің бөлім бастығы Б. М. Малғаждаров, Семей қаласының Орталық ауданы пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін орындаушы А. Ж. Диханов, Семей қаласының Затон ауданы пробация қызметінің бөлім бастығы Э. А. Усербаев және  Абай облысы Семей қаласының жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Е. С. Оразалин сөз сөйледі.

«Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры орынбасары Қ. Д. Жүнісов екінші мәселе бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру және оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы сөз сөйледі.

Қарастырылып отырған мәселелер бойынша пікір алмасуды ескере отырып, оларды шешу бойынша тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив