Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыстар жүргізу жалғасуда

2-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Жалпы жоспарланған 77,2 мың га аумақтың 69,0 мың га өнделді. 19 жер үсті және 1 аса жеңіл авиация жұмылдырылған.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық методика орталығымен бірлесе мониторингтік тексерулер жүргізіп, қосымша 14 130 га алаңда саяқ шегірткелердің таралуының жаңа ошақтары анықталып, өңдеу жұмыстары жүргізілуде. (Семей - Қарауыл, Семей - Курчатов, Семей - Знаменка тас жолдарында (3 бағытта) саяқ шегірткелерді арнайы препараттармен өңдеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 1 770 га өңделді, барлығы 7 бірлік техника жұмылдырылды).

2 шілде күні Үржар ауданы Үржар өзені бойында орналасқан Елтай, Егінсу ауылдық округтеріне карасты 70 га аумақта Азиялық шегірткелердің таралу ошағы анықталды. Қазіргі уақытта бір аса жеңіл авия техникасы барлық препараттармен сол аумаққа жіберілді. Жауын-шашын тоқтаған кезде өңдеу жұмыстары басталады. 

Жағдай тұрақты бақылауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив