Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.54 628.31 6.7

Астанада гендерлік теңдікті қолдауға арналған іс-шара өтті

3-03-2023, 15:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қазпошта басшысы Әсел Жанасова Astana International Exchange (AIX) биржасында сауда-саттықты іске қосу рәсіміне қатысты.

"Ring The Bell for Gender Equality" рәсімі әлемдік қоғамдастықтың назарын гендерлік әртүрлілік және әйелдердің саясат, экономика және бизнес салаларындағы ықпалын кеңейту мәселелеріне аударуға арналған, жаһандық науқан болып табылады.

Айта кетерлігі, жетекші әйелдердің сауда-саттықты салтанатты түрде іске қосу бастамасын бүкіл әлем бойынша 100-ден астам биржа қолдайды.

AIX-те сауда-саттықты іске қосу рәсімінен бөлек панельдік сессия өтті. Онда Қазақстанның қаржы саласындағы цифрландыру мен IT дамыту және осы процестердегі әйелдердің рөлі мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив