Қазпошта қазақстандық Biny стартапының алғашқы корпоративтік серіктесі атанды
Қазпошта Biny қазақстандық IT мамандарының жаңа цифрлық сервисінде өзінің жүк көлігі паркін тіркеді. Аталған ынтымақтастық үлкен жүк көліктеріндегі бос кеңістікке қосымша жүк артып, ішкі және халықаралық маршруттар бойынша коммерциялық тасымалдауда қосымша табыс табуға мүмкінік береді. Өткен жылдың қараша айында тараптар арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазпошта «Жүк көлігі жүргізушілеріне арналған убер» тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейтін Biny IT-жобасының алғашқы корпоративтік тасымалдаушы-әріптесі атанды. Сервисте дәстүрлі экспедитор жұмысының барлық кезеңдері цифрландырылған: Biny сәйкес келетін көлігі бар тасымалдаушыны табады, бағасын болжайды, күнді және жүкті тиеу мен оны алу уақытын бекітеді, онлайн-режимде көліктің орналасқан жерін және жүк мәртебесін көрсетеді, сондай-ақ төлем төлеу және құжат айналымы процесстерін толықтай автоматтандырады. Қазірдің өзінде, Biny қолданушыларына Қазақстан және ТМД елдері аумағы бойынша 96 000-нан астам маршрут қолжетімді.
Biny жүк тасымалдаушылар мен жүк иелеріне тиімді болуы үшін, қазақстандық көлік логистикасы нарығын жедел әрі ашық мәміле тарапына қарай өзгертуді жоспарлап отыр. Biny есептеулеріне сәйкес, сервис логистика саласындағы шығындарды 30%-ға және тасымалдау тарапындағы шығындарды 20%-ға дейін үнемдеуді көздеп отыр. Аталған индустриядағы күн сайынғы қаржы айналамын ескерсек, бұл орасан зор сома болмақ.
Қазпошта үшін Biny болашағы зор іскери серіктеске айналды. Ұлттық пошта операторы жыл сайын қайталанатын жеткізу белсенділігінің төмендеу кезеңдерін анықтады. Бұл уақытта жүк көліктері ел бойынша жартылай бос кузовтармен жол жүреді. Қазпошта Biny сервисін қолдана отырып, өз көліктеріне қосымша жүк жүктеу және коммерциялық негізде жеткізілім бойынша қызмет көрсету мүмкіндігін ұсына алады. Осылайша тапқан табыс есебінен компанияның логистика шығындарын оңтайландыру және автопарктің уақтылы сапалы қызмет көрсетуін жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады.
АҚШ пен Еуропада мұндай сервистер Freight-tech индустриясы саласына жатқызылады. Nestle, LG, Unilever, Procter&Gamble, Coca-Cola сынды ірі тауар өндірушілер үшін, логистика саласындағы цифрлық технологиялар бұрыннан таптырмас бизнес-құралдарға айналған. Freight-tech жобалары арқасында аталған алып компаниялардың көлік шығындары миллиондаған долларды үнемдеу көлемімен есептеледі.