Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте жемшөп өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

4-07-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылы жемшөп дақылдарына арналған егіс алқабы 3,4 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 314 мың гектарға артық. Алайда, өңірлерде жемшөп сапасын жақсарту және егіншілік деңгейін арттыру бойынша жұмыстар күтіп тұр. Бұл мәселелер Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды. 

2023 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми тәсілді қолдана отырып, Жемшөп өндіру саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын өзектендірді. Мақсаты 2028 жылға қарай жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын 3,6 млн гектарға дейін кеңейту арқылы ауыл шаруашылығыда жалпы өнімінің көлемін екі есеге арттыру. 2024 жылы 3,4 млн гектардан астам жерге жемшөп дақылдары егілді.

«Жемшөп дақылдары егілген алқаптың 74%-ы көпжылдық шөптердің үлесіне, 26%-ы біржылдық дақылдарға тиесілі, олардың көктемгі егісі мал шаруашылығының қажеттілігі үшін пішен мен сүрлем дайындауды қамтамасыз етеді. Өңірлерде шөптерді жаңарту, шабындық пен жайылым жерлерді жақсарту бойынша жұмысты күшейту қажет, соның салдарынан мал азығында әлі де шөп пен жемшөп, яғни қарапайым жем басым. Бұл ретте барлық өңірде Үлкен жоба шеңберінде тауарлы-сүт фермаларының құрылысы жүріп жатыр, олар үшін пішен, жүгері, сүрлем дайындау қажет», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Қазіргі уақытта республика бойынша пішенмен қамтамасыз ету 45%-ды, ал сүрлеммен қамтамасыз ету 72%-дан аспайды. Жалпы, 2024 жылы 25,5 млн тонна шөп, 1,6 млн тонна пішен, 4,6 млн тонна сабан, 5,7 млн тонна құнарлы жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.

«Бізде жер жеткілікті, бірақ ұтымды игерілмейді. Өңірлердің алдына жемшөп өндіру бойынша нақты міндеттер қою керек. Жол картасын әр өңір үшін 2-3 жылға арналған жемшөп дақылдары жөніндегі жоспармен толықтыру қажет», — деп тапсырды Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне мал азығы дақылдары үшін суармалы жер көлемін кеңейтуге, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамытуға, пайдаланылатын жайылымдық жердің өнімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, егіншілікті әртараптандыру тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив