Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қазақстан мен Сауд Арабиясы саяси өзара іс-қимылды нығайтуда

Бүгін, 16:10

Сауд Арабиясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корольдіктің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Уалид Әл-Хурейджимен кездесті.

Келіссөздер барысында А.Исағалиев Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа жолдауын табыстады. Жолдауда Корольдіктің басшылығы мен халқына тілектестік білдіріліп, Сауд Арабиясы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық инфрақұрылымды қорғау жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсетілген.

Сауд тарапы Қазақстанның бұл ізгі ниетін жоғары бағалап, көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ екі ел арасындағы берік достық пен өзара сенім байланыстарын атап өтті.

Тараптар өңірдегі ахуал жөнінде пікір алмасып, Қазақстан - Сауд Арабиясы қатынастарының өзекті мәселелерін және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің өкілдері Қазақстан - Сауд Арабиясы әріптестігін одан әрі тереңдету мақсатында тұрақты саяси диалогты жалғастырудың және күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.


 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив