Семейде «Назар аударыңыз – теміржолда балалар!» акциясы өтіп жатыр
2026 жылғы 27–30 қазан аралығында Семей қаласы әуежайындағы КПб қызмет көрсету аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз – теміржолда балалар!» акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, теміржол маңында және әуе көлігі инфрақұрылымына жақын аумақтарда абай болудың маңыздылығын ескерту, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарға жол бермеуі және қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтауы бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Осыған байланысты ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, олардың бос уақытын бақылауда ұстауға шақырамыз!