Қазақстан мен Қытай тауарлардың сапасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша партияаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттарды қоса алғанда, бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылды.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі қытайлық серіктестермен екі маңызды меморандумға қол қойды. Олардың біріншісі Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасымен (SAMR) өзара сәйкестікті бағалау рәсімдерін тану, техникалық реттеу туралы ақпарат алмасу және халықаралық алаңдарда ынтымақтастықты нығайту туралы келісімді көздейді.
Екінші меморандум Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы (GACC) арасында қол қойылды. Ол техникалық реттеу, стандарттау және өнім сапасын бақылау, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен оқыту саласындағы ынтымақтастықты анықтайды.
Аталған меморандумдардың негізгі мақсаттары техникалық реттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сәйкестікті бағалау рәсімдерін өзара тану, стандарттар мен регламенттерді үйлестіру, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен зертханалық зерттеулер мен кадрларды оқытуды болып табылады.
Бұл қадамдар Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға және екі елдің нарықтарындағы тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған.