Астанада ДӨО және бұлттық қызметтер саласын дамыту мәселелері бойынша алғашқы стратегиялық сессия өтті
Деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО) және бұлттық провайдерлер операторлары қауымдастығы iKS-Consulting салалық аналитикалық агенттігімен бірлесіп, ҚР ЦДИАӨМ Байланыс комитетінің қолдауымен, аталған комитет төрағасы Ержан Болатұлы Мейрамовтың жетекшілігімен, "Қазақстан Республикасының ДӨО-тары. Болашақ көрінісі" стратегиялық сессиясын өткізді. Бұл іс-шара деректерді өңдеу орталықтары мен бұлттық қызметтер индустриясын дамыту мәселелеріне арналды.
Іс-шара 21-22 маусым күндері Astana Hub алаңында өтті. Стратегиялық сессияға Қазақстандағы жетекші коммерциялық және мемлекеттік ЦОД операторлары мен елде жұмыс істейтін бұлттық провайдерлердің өкілдері, салалық сарапшылар, ҚР ЦДИАӨМ Байланыс комитетінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылар ашық пікірталас форматында отандық саланың дамуына әсер еткен негізгі оқиғаларды, нарықтағы ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибе мен әлемдік трендтерді талқылап, Қазақстандағы деректерді сақтау және өңдеу индустриясының даму перспективалары туралы стратегиялық көзқарастарымен бөлісті. Коммерциялық сегменттегі сұранысты дамытуға әсер ететін факторларды талдауға және ел экономикасының салаларын цифрландыру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ДӨО инфрақұрылымын белсенді дамыту жағдайларын жасау үшін нарық пен мемлекет тарапынан қажетті шараларға ерекше назар аударылды. Стратегиялық сессия барысында қатысушылар әзірлеген негізгі мәселелер бойынша жалпы түсінік Қазақстандағы ДӨО және бұлттық қызметтер саласын дамыту стратегиялық құжатын 2028 жылға дейін құрудың негізі ретінде қабылданады.
«Қазіргі уақытта деректерді өңдеу орталықтарының инфрақұрылымы елдің цифрлық трансформациясы үшін іргелі болып табылады. Оның арқасында азаматтарға көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерге онлайн режимде қолжетімділік қамтамасыз етіледі, бұл түптеп келгенде халқымыздың өмір сүру сапасының жақсаруына үлкен әсер етеді. Министрлік бұл нарықтың дамуының ұзақ мерзімді көзқарасын қалыптастыру және оның барлық қатысушыларымен жүйелі жұмыс құру шараларын қабылдауда. Өткізілген стратегиялық сессия бізге ашық пікір алмасуға және саланы орта мерзімді перспективада дамытуға кешенді көзқарас қалыптастыру үшін негіз қалауымызға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Мейрамов Ержан Болатұлы, ҚР ЦДИАӨМ Байланыс комитетінің төрағасы.
«ДӨО және бұлттық қызметтер нарығының қатысушыларының, сондай-ақ деректерді өңдеу орталықтары инфрақұрылымының ірі иелерінің бірлескен жұмысы нарықты дамытудың стратегиялық бағыттарын бірлесіп қалыптастыруға, сондай-ақ салалық реттеуді келісімге келтіру бөлігінде мемлекетпен конструктивті диалог пен серіктестік рухында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл күш-жігердің жиынтығы сала тартымдылығының артуына ықпал етеді, сондай-ақ қоғамымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған цифрландырудың негізгі мемлекеттік бағдарламаларының міндеттерін шешуге ықпал етеді», - деді Черненко Светлана, ҚР ДӨО және бұлттық қызметтер операторлары қауымдастығының бас директоры.
«Қазақстан Республикасының ДӨО және бұлттық провайдинг нарығы сапалы трансформация сатысында тұр. Бизнес, мемлекеттік басқару және жалпы адамдар өмірінің цифрлану қарқыны нарық қатысушыларына жаңа талаптар қояды, жаңа қуаттарды енгізу ауқымы мен қарқынын арттыру тұрғысынан да, сервистік және өнімдік икемділік тұрғысынан да. Нарық біртіндеп ДӨО және виртуалды инфрақұрылым тек қосымша қызметтер болатын модельден алыстап барады. Жаңа жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды тарту, даму жоспарларын ескере отырып кадр резервін қалыптастырумен байланысты қиындықтар сақталуда, алайда қолданыстағы инфрақұрылымның жоғары деңгейдегі утилизациясы нарық қатысушыларының осы қиындықтарды сәтті еңсеріп, қалыптасқан сұранысты қанағаттандырып, болашақ жобаларға жаңа сұраныстарды қалыптастырыпжатқанын көрсетеді», - Дмитрий Горкавенко, iKS-Consulting бизнесті дамыту директоры.